Мазмұнға өту
qandastar.

Судан зардап шеккендердің зақымданған дүние-мүлкі қалай бағаланады

qandastar · · 270 қаралым
Судан зардап шеккендердің зақымданған дүние-мүлкі қалай бағаланады

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың шығыны есептеле бастады. Қазір мамандар суда қалған баспаналар мен дүние-мүлікті зерттеп, бағалап жатыр.

СҚО-да су тасқынының зардабын Қызылжар ауданы ең көп тартты. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, аудан бойынша 1485 үй суға кетті. Оның 197-сі – Бескөл ауылында. Қазіргі уақытта тасқын судың беті қайтқан. Тұрғындардың кейбірі үйлеріне кіруге мүмкіндік алды.

13 сәуір күні су келді. Үйдің қабырғасынан-ақ көруге болады, су бір метрден астам көтерілді. Ал үйдің ішінде биіктігі 10-15 см-дей болды. Соған қарамастан дүние-мүлікке зиян келді. Жаңа үй, 2018 жылы ғана кірген едік. Жөндеу қажет, техникамыз істен шықты. Қазір маман техникалық зерттеу жүргізіп, келген шығынды бағалап жатыр. Таңертең хабарласып, өтініш тастадым, кешке келді
дейді Бескөл ауылының тұрғыны Ермек Мауытов.

19 сәуірден бастап Қызылжар ауданында бағалаушы компания өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp