Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жақыннан көрген оқушының таңданысы әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды
порталы.
Тамыз конференциясы аясында Мемлекет басшысы «Білім болашағы» көрмесін аралап, оқушылармен жүздесті. Сол сәтте түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Кадрларда балалардың Президентке қызығушылықпен қарап, оның сұрақтарына жауап беруге дайындалып тұрғаны көрінеді. Әсіресе бір балақайдың таңданысы бірден көзге түседі.
Журналист Ақдариға Мұхаддас видеоға қатысты: «Оқушылар Президент сұрақ қояды деп күтпесе керек, таңданысы көздерінен көрініп-ақ тұр», - деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Aqdariga Mukhaddas 🧿🕊 (@aqdariga)
Кездесу барысында оқушыларға Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ сияқты цифрлық шешімдер қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.
Ал желі қолданушылары үшін көрмедегі технологиялардан бұрын балақайлардың Президентпен жүздескендегі шынайы эмоциясы қызық болған сияқты.