Мазмұнға өту
qandastar.

Swiss Air ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Бақытжан Мұса · · 433 қаралым
Swiss Air ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Алматы әуежайына Swiss Air әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде қонды. Airbus A350 ұшағы Сеул – Цюрих бағыты бойынша ұшып келе жатқан. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Төтенше қонудың себебі – екінші пилоттың денсаулығының күрт нашарлауы. Ұшақ жерге қонғаннан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Кейін пилот №4 қалалық ауруханаға жеткізіліп, толық тексеру мен ем қабылдауға жіберілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp