Мазмұнға өту
qandastar.

Тағам иісіне келген: Жетісу өңірінде аю адамдар аумағына кіріп кеткен

Малика Хамит · · 772 қаралым
Тағам иісіне келген: Жетісу өңірінде аю адамдар аумағына кіріп кеткен

Жетісу өңіріндегі Аттапқан шатқалында орналасқан аумақта аюдың адамдар жүрген жерге кірмек болған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды

порталы.

Кадрлардан темір есіктің майысқанын көруге болады.

Экология министрлігінің мәліметінше, оқиға «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ұзақ мерзімді серіктестік нысаны — «Табиғат ОРХ» мекемесінде тіркелген.

Алдын ала болжам бойынша, Тянь-Шань қоңыр аюы аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Ведомство бұл жануардың адамға сирек шабуыл жасайтынын атап өтті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Министрлік тұрғындар мен демалушыларға жабайы жануарларды тамақтандырмауға және парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмауға кеңес берді.

Жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандырмауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар
деп ескертті ведомство.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/Medved.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp