Мазмұнға өту
qandastar.

Таиландта ауыр дертке шалдыққан қостанайлық азамат көз жұмды

Бақытжан Мұса · · 120 қаралым
Таиландта ауыр дертке шалдыққан қостанайлық азамат көз жұмды

Таиландта ауыр дертке шалдығып, бірнеше ай бойы өмірі үшін күрескен қостанайлық Алексей Вивтоненко қайтыс болды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты "Наша Газета" басылымына сілтеп хабарлады.

36 жастағы Алексейдің тағдырына мыңдаған қазақстандық бейжай қарамады. Оның емделуіне, елге оралуына және медициналық шығындарын өтеуге көмектесу үшін жұртшылық қаржылай қолдау көрсетіп, сауығып кетуіне тілек білдірген болатын.

Басылымның мәліметінше, дәрігерлердің ұзақ уақыт жүргізген емдеу шараларына қарамастан, Алексейдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Алексей Вивтоненко Таиландтың Пхукет аралында демалып жүрген кезде ауыр хәлде ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған ұйқыбездің 30 пайыздан астам бөлігінің өліеттенуімен асқынған жедел панкреатит диагнозын қойған. Кейін оның жағдайы тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігімен, сепсиспен, бүйректің жедел зақымдануымен және екі жақты өкпе қабынуымен күрделене түскен.

Сәуір айында арнайы медициналық сүйемелдеумен Қазақстанға жеткізілген азаматтың емі әрі қарай жалғасқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp