Талдықорғанда әйел полицияға хабарласып, күйеуінің дене жарақатын келтіріп, қорқытқанын айтқан. Полиция күдіктіні ұстап, одан пневматикалық қару тәркіледі, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға 2 қазанда болған. Полиция қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды ұстаған.
Әйелге дене жарақатын келтіру және қорқыту фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Оларға қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.
Полиция мәліметінше, бұған дейін әйелден жұбайына қатысты арыз-шағым түспеген.