Жетісу облысының Талдықорған қаласында наубайхананың шатыры өртеніп, бір адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Өрт Желтоқсан көшесінде орналасқан наубайханада болған. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 78 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды қысқа уақыт ішінде сөндірді.
Өрт салдарынан 1986 жылы туған наубайхана қызметкерінің қолын күйік шалған. Ол медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.