Мазмұнға өту
qandastar.

Талдықорғанда қызын көлік төбесінен шығарған әке жауапқа тартылды

Малика Хамит 92 қаралым
Талдықорғанда қызын көлік төбесінен шығарған әке жауапқа тартылды

Талдықорғанда полиция 5 жасар баланы көлікте қауіпті жағдайда тасымалдаған жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан 31 жастағы жүргізушінің Changan X5 Plus көлігімен жүріп келе жатып, кішкентай қызын автокөліктің төбесіндегі ашық қуыстан сыртқа шығарып қойғаны көрінеді. Баланың денесі беліне дейін сыртта болған.

Полиция жүргізушінің баланың әкесі екенін анықтады. Ер адамға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сонымен қатар полицейлер ата-анамен профилактикалық әңгіме жүргізіп, баланы мұндай жағдайда тасымалдаудың қауіпті екенін түсіндірді.

Полиция ата-аналарды балаларды көлікте тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp