Мазмұнға өту
qandastar.

Талдықорғанда түнде дрифт жасаған жүргізуші сотқа тартылуы мүмкін

Бақытжан Мұса 76 қаралым
Polisia.kz
Polisia.kz

Талдықорғанда 21 жастағы жүргізуші түнгі уақытта көлікпен дрифт жасап, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Полиция құқық бұзушылықтың жолын кесіп, жиналған материалдарды сотқа жолдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Балапанова көшесінде болған. Mercedes-Benz көлігін басқарған жүргізуші дрифт жасап, қатты шу шығарған. Оның әрекеті тұрғындарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

Полиция қажетті материалдарды жинап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.

Құзырлы орган қала көшелерінде дрифт жасау жол-көлік оқиғаларына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp