Мазмұнға өту
qandastar.

Тамыз ҰБТ-сының алғашқы күнінде 6,7 мыңнан астам талапкер тест тапсырады

Малика Хамит · · 890 қаралым
Тамыз ҰБТ-сының алғашқы күнінде 6,7 мыңнан астам талапкер тест тапсырады

Қазақстанда тамыз ҰБТ-сы басталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қазақстанда тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Тестілеу 14 тамызға дейін жалғасады.

Бұл кезеңге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданған. Оның ішінде талапкерлердің 65%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде тапсыруды таңдаған.

Ал 100 адам ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниетті.

Тестілеудің алғашқы күнінде 6,7 мыңнан астам адам білімін сынайды.

Тамыз ҰБТ-сына биылғы және бұрынғы жылдардың мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған азаматтар қатыса алады.

Сондай-ақ шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа бағытқа ауысқысы келетін студенттер, басқа білім беру бағдарламасынан педагогикалық бағытқа ауысуды жоспарлағандар және алдыңғы оқу жылында шекті балл жинай алмаған, бірақ ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылданған азаматтар да тест тапсыра алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp