Мазмұнға өту
qandastar.

Таңғы жаттығу жасаған немересі мен әжесінің видеосы тарады

Бақытжан Мұса · · 564 қаралым
Таңғы жаттығу жасаған немересі мен әжесінің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде әжесімен бірге спортпен айналысып жатқан жас спортшының видеосы тарап, қолданушылардың ыстық ықыласына ие болды, дейді Qandastar.kz сайты

Видеода жас спортшы баланың үлкен ауыр дөңгелекті айналдырып жатқаны, ал оған әжесінің арнайы баудан ұстап көмектесіп, қолдау көрсетіп тұрғаны бейнеленген. Жаттығу залында өтіп жатқан таңғы дайындық барысында бала тек дөңгелекті төңкеріп қана қоймай, жерден қолмен көтерілу (отжимание) жаттығуын да қатар орындап, жоғары дайындығын көрсетті. Тіпті қабырғада ілулі тұрған көптеген чемпиондық белбеулер мен медальдар жас спортшының спорттағы жетістіктерінің дәлелі екенін аңғартады.

Жазба астында желі қолданушылары әженің немересіне деген ерекше қолдауына ризашылығын білдіріп, жас спортшыға болашақта үлкен биіктерден көрiнуді тіледі.

[embed]https://www.tiktok.com/@rasul.ewmuhanov/video/7676718753505299732?is_from_webapp=1&sender_device=pc[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp