Мазмұнға өту
qandastar.

Танымал әнші Бүркітті әйелі шынтағымен құлатып түсірді (ВИДЕО)

bahitzhanabzal · · 360 қаралым
Танымал әнші Бүркітті әйелі шынтағымен құлатып түсірді (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал жұп Бүркіт пен Аиша желіде жариялаған көңілді видеомен Instagram қолданушыларын әбден күлдірді, деп жазады qandastar.kz.

Видеоға қалдырылған пікірде:

Би билейік деп едік, ол жарақат алып қалды» деп әзілдей түсіндірген.
Дәйексөз

Кадрларда жұп көңілді би билеп жүріп, кенеттен Бүркіттің еденге құлап түскені байқалады. Кейін белгілі болғандай, бұрылған сәтте Аиша абайсызда оның иегіне шынтағымен тиіп кеткен.

Алайда, жанкүйерлерін алаңдатпау үшін ерлі-зайыптылар:

Түсірілім барысында ешбір актер зардап шеккен жоқ» деп пікір қалдырды.
Дәйексөз

Желіге жарияланған бұл видео қолданушылардың көңілін көтеріп, жұптың позитивті көңіл күй сыйлау мақсаты толықтай орындалды.

Өлтірдің гой мамасының баласын», «Өте керемет жұпсыздар, бақытты болыныздар!», «Өте әдемі
деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

Оқырмандары Бүркіт пен Аишаға отбасылық өмірде бақыт тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp