Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас сотқа тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі растады.
"Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі ("Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті", - деп пікір берген Жоғарғы Сот.