Мазмұнға өту
qandastar.

Танымал блогер Артур шаңырақ көтерді

bahitzhanabzal
Танымал блогер Артур шаңырақ көтерді

Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, танымал блогер Артур шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Тойға танымал тележүргізушінің өнердегі достары жылы лебіздерін білдіріп, фото-видеолар жүктеді.

Роза Рымбаева, Тамара Асар, Сәкен Майғазиев, Айгүл Қосанова сынды елдің бетке ұстар жұлдыздар той қонағы болды.

«Келін құтты болсын», - деп жазды Айгүл Қосанова. «Той өте жоғары деңгейде», - деп бағалады Тамара Асар.

Алматының төрінде өткен дүбірлі тойға елімізге танымал шоу-бизнес өкілдері, блогерлер қатысты.

Қуанышқа ортақтасқан қонақтар тойдың ерекше форматта өтіп жатқанын, ұйымдастырылуы мен безендірілуіне жоғары баға беріп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp