Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев Threads әлеуметтік желісінде әр сәрсенбіні «Қазақстан күні» деп атап өтуді ұсынды , деп жазады
Продюсердің айтуынша, осы күні қазақстандықтар бір-бірімен кикілжіңге түспей, керісінше, тыныштықты сақтап, ел туралы жағымды жазбалар жариялауы тиіс.
Сәрсенбі тек жақсы көңіл-күй мен елімізге деген жылы лебізге арналуы керек. Ұрыссыз, талассыз, тек бірліктің және позитивтің күні болсын
Оның бұл бастамасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген желі пайдаланушылары қолдау білдірді.