Мазмұнға өту
qandastar.

Таразда 15 жастағы жасөспірім тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, адам қаза тапты

Малика Хамит · · 1 342 қаралым
Таразда 15 жастағы жасөспірім тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, адам қаза тапты

Тараз қаласында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін бұзған “Audi” маркалы автокөлікті тоқтату әрекеті жасалған. Алайда жүргізуші полиция талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа көліктерге қауіп төндіріп, жасырынуға тырысты. Қашқан көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр желісінің бетон тірегімен соқтығысты. Апат салдарынан бір жолаушы қайтыс болды
деп хабарлады полиция.

Белгілі болғандай, көлік тізгінінде 15 жастағы жасөспірім болған. Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp