Мазмұнға өту
qandastar.

Таразда адвокаттың көлігіне «оқ атылды»: күдіктілер бірден табылды

Малика Хамит · · 432 қаралым
Таразда адвокаттың көлігіне «оқ атылды»: күдіктілер бірден табылды

Таразда адвокат Лола Врублевскаяның көлігіне оқ атылды деген ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды

порталы.

Адвокаттың айтуынша, ол көлігіне жақындаған сәтте оқ атылғанға ұқсас дыбыс естіп, кейін автокөліктің терезесінде тесік пайда болғанын байқап, бірден полиция шақырған.

Алайда Жамбыл облысы полиция департаменті бұл оқиға атыс қаруымен байланысты емес екенін мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, көлік терезесіне рогаткадан атылған зат тиген.

Бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері екі құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар рогаткамен оқ атып ойнаған, абайсызда оқи көліктің терезесіне тиген
дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Полиция тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге және әлеуметтік желілерде тараған расталмаған мәліметтерге ермеуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp