Мазмұнға өту
qandastar.

Таразда сыныптасының бір көзін шығарған оқушы 7 жылға сотталды

Малика Хамит 20 қаралым
Таразда сыныптасының бір көзін шығарған оқушы 7 жылға сотталды

Оқиға қаладағы мектеп-гимназиялардың бірінде болған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сот мәліметінше, 10-сынып оқушысы мен жәбірленушінің арасында бұған дейін келіспеушілік туындаған. Кейін жәбірленуші сыныптасымен бірге сотталушыға келіп, осы жағдайға байланысты наразылығын білдірген.

Одан соң жасөспірімдер мектептің спортзалындағы ерлер киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, сол жерде жанжалдасып қалған.

Жанжал кезінде сотталушы жәбірленушінің сол жақ көзіне жұдырықпен әдейі соққы жасаған. Салдарынан баланың көз алмасы ауыр жарақаттанып, ол сол көзінің көру қабілетінен толық айырылған.

Сот жасөспірімді аса қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды. Оған Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 4) және 11) тармақтары бойынша айып тағылған.

Сот үкімімен жасөспірім 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp