Мазмұнға өту
qandastar.

Тараздағы ойын клубында өрт шықты

Бақытжан Мұса · · 224 қаралым
Тараздағы ойын клубында өрт шықты

16 тамызда Тараз қаласындағы Ташкент көшесінде орналасқан үш қабатты ойын клубының ғимаратында өрт болды. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен. Құтқарушылар келген кезде ғимаратты ашық жалын шарпып, қою түтін шыққаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақыт ішінде толық ауыздықталды. Сондай-ақ өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp