Мазмұнға өту
qandastar.

Тәртіп сақшыларының ізгі ісі видеоға түсіп қалды

Малика Хамит · · 473 қаралым
Тәртіп сақшыларының ізгі ісі видеоға түсіп қалды

Өскемен қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қызметтік патрульдеу кезінде полиция батальонының №75 экипажы жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқайды. Анықталғандай, көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізуші өз жолын жалғастыра алмай қалған.

Патрульдік полиция инспекторлары Алмат Сыдық пен Влад Воронин жүргізушіге көмектесіп, дөңгелекті ауыстыру жұмыстарына қолдау көрсетті. Нәтижесінде көлік иесі сапарын қауіпсіз түрде жалғастырды.

[video width="352" height="640" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/IMG_6136.mp4"][/video]

Жүргізуші тәртіп сақшыларына алғысын білдірсе, оқиға куәгерлерінің бірі бұл сәтті видеоға түсіріп алған.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға қажетті жағдайда көмек көрсетуді де тұрақты түрде жүзеге асырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp