Мазмұнға өту
qandastar.

Ташкентте қазақстандық азаматтың Мемлекеттік туға көрсеткен құрметі көпшілікті тәнті етті

Бақытжан Мұса · · 622 қаралым
Ташкентте қазақстандық азаматтың Мемлекеттік туға көрсеткен құрметі көпшілікті тәнті етті

Әлеуметтік желілерде Ташкент қаласында түсірілген әсерлі бейнеролик тарап, желі қолданушыларының ықыласына бөленуде, дейді Qandastar.kz.

Бейнежазбада көршілес Өзбекстан астанасында жүрген қазақстандық азаматтың ғимарат алдындағы діңгекте оралып, желбіремей тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, оны өз қолымен мұқият жазып, түзеп қойғаны бейнеленген.

Желі қолданушылары азаматтың бұл әрекетін шынайы отансүйгіштік пен өз елінің көк байрағына деген зор құрметтің көрінісі ретінде бағалап, оң пікірлер қалдыруда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp