Мазмұнға өту
qandastar.

Татьяна Савельева Құрылтайдағы мандатынан бас тартты

Малика Хамит 93 қаралым
Татьяна Савельева Құрылтайдағы мандатынан бас тартты

Құрылтай құрамында өзгеріс болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мәселе бүгін Құрылтай отырысында қаралды. Оған Орталық сайлау комиссиясының тиісті ұсынымы негіз болды.

ОСК хатшысы Шавкат Өтемісовтің мәліметінше, Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жеке өтініші 6 қазанда түскен.

Құрылтай депутаттары бұл мәселе бойынша қаулыны дауысқа салып, бірауыздан қолдады. Осылайша Татьяна Савельеваның депутаттық мандаты ресми түрде тоқтатылды.

Құрылтай спикері Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp