Қазақстандық актриса әрі блогер Татьяна Турлай Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ата-анаңның үйін тексер» республикалық акциясына қосылды. Ол азаматтарды ата-анасының үйіне барып, қауіпсіздік талаптарының сақталуына көз жеткізуге шақырды. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу.
ТЖМ өкілдері ата-анасының үйіне барған кезде бірнеше маңызды жайтқа назар аударуға кеңес береді. Атап айтқанда, электр сымдарының жай-күйін тексеріп, пеш пен мұржаның жарамдылығына көз жеткізу қажет.
Сондай-ақ үйде өрт хабарлағыштары мен көміртегі тотығы датчиктерінің бар-жоғын және олардың дұрыс жұмыс істейтінін тексерген жөн.
Министрлік азаматтарды жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және акцияға қосылуға шақырады. Уақытылы жүргізілген тексеріс пен қарапайым сақтық шаралары қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектесуі мүмкін.