Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген.
- Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге;
- Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге;
- Ақмола облысы мен бас қалада – 220 мың теңге;
- Алматы қаласында – 250 мың теңге;
- Қарағанды облысы – 400 мың теңге.