Мазмұнға өту
qandastar.

Таза пайда - 134 млрд: Қарабаев ҚТЖ-ны табысты компания деп атады

bahitzhanabzal · · 293 қаралым
Таза пайда - 134 млрд: Қарабаев ҚТЖ-ны табысты компания деп атады

Фото: el.kz

Көлік министрі Қарабаев «Қазақстан темір жолын» табысты компания деп атады. Оның айтуынша, ұлттық тасымалдаушының 2023 жылғы таза пайдасы 134 млрд теңгеге жеткен, - деп хабарлайды qandastar.kz.

«Компания 2020 жылдан бастап табысты болды. Ал бұған дейін тасымалдаушының жұмысында шығынды кезең болды. ҚТЖ-ға мемлекет тарапынан қаржыландыру болмағандықтан 2,9 триллион теңге қарыз қалыптасты. Мәселен, компания өз қаражаты есебінен локомотив паркін жаңартты», - деп түсіндірді министр.

ҚТЖ барлық несиелерін уақытында төлейді деп отыр Қарабаев.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp