Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті хирург-дәрігерге қатысты алаяқтық және заңсыз сыйақы алу деректері бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды
порталы.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2023–2025 жылдары екі медициналық мекемеде жұмыс істей жүріп, варикозға жасалатын операциялардың МӘМС аясында тегін орындалатынын пациенттерге айтпаған. Оның орнына ота үшін ақшаны өзінің жеке банк шоттарына қабылдап отырған.
Сонымен бірге, DamuMed жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәлімет енгізіліп, соның негізінде медициналық ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алған. Соның салдарынан бір медициналық қызмет үшін төлем екі рет жүргізілген: бірін Қор төлесе, екіншісін пациенттердің өздері төлеген.
Тергеу дерегіне сәйкес, дәрігер 42 пациенттен 8 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген. Ал осы қызметтер үшін медициналық ұйымдарға Қордан 14,8 миллион теңгеден астам қаржы аударылған.
Сондай-ақ, күдіктінің қызметтік міндетін атқарғаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алғаны да анықталған.
Осылайша, бір медициналық қызмет үшін төлем екі рет жүргізілген: бір жағынан МӘМС қаражаты есебінен, екінші жағынан пациенттердің өз қаражаты арқылы
Күдіктіге елден кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.