Мазмұнға өту
qandastar.

«Тек аяныш пен жиіркеніш сезімін туғызады»: Мұхтар Жәкішев қызын сынағандарға жауап берді

Малика Хамит · · 724 қаралым
«Тек аяныш пен жиіркеніш сезімін туғызады»: Мұхтар Жәкішев қызын сынағандарға жауап берді

Қазақстандық бизнесмен Мұхтар Жәкішев қызын Алматыда ұзатып, дүркіретіп той өткізген болатын.

Кәсіпкердің қызы басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықты.

Бұл жайт қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды

порталы.

Мұхтар Жәкішев әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жасап, күйеу баласының жақсы тұстарын атап өтті.

Алтынайды құттықтап, оның үйлену тойына орай ақ тілегін, адал ниетін білдірген барша жанға шын жүректен алғыс айтамын! Ал кейбір қисынсыз, орынсыз пікір жазып жатқандар тек аяныш пен жиіркеніш сезімін туғызады. Нағыз намыс күйеу баланың ұлтымен өлшенбейді. Намыс дегеніміз сол намыс үшін тым жоғары баға төлеуге тура келгенде, адамдық арың мен абыройыңды таза сақтап қала алуыңмен өлшенеді! Ұлттың жаманы болмайды. Жаман адамдар болады. Қалған дүниенің бәрі осы қарапайым қағиданың салдары ғана. Ар-ұжданын мансапқа айырбастап, маған қарсы істі қолдан құрастырған тергеушілердің, прокурорлар мен судьялардың ішінде бірде-бір шетелдік болған жоқ. Мені сондай «құдалардан» сақтаған Жаратқанға мың шүкір
дейді ол.

Оқырмандары кәсіпкерге қолдау білдіріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мухтар Джакишев (@dzhakishevmukhtar)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp