Мазмұнға өту
qandastar.

«Тек бақыт тілеңіздер»: Дариға Бадықова жеке өміріне қатысты жазба жариялады

Малика Хамит 12 қаралым
«Тек бақыт тілеңіздер»: Дариға Бадықова жеке өміріне қатысты жазба жариялады

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен отбасын құрғанын аңғартатын жазба жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қос өнер иесінің тойына ұқсас шарадан кадрлар тараған еді. Кейін актрисаға сырға тағу рәсімінің видеосы да жарияланды.

Осыдан соң Дариға Бадықова Instagram парақшасында көпшіліктен бақыт тілеуді сұрады.

Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат
деп жазды актриса.


Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай бұған дейін бірнеше киножобада, соның ішінде «Таптым-ау сені» комедиясында бірге өнер көрсеткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp