Мазмұнға өту
qandastar.

«Тек қағаз жүзінде»: Тоқаев жалған қоғамдық ұйымдар туралы айтты

Малика Хамит · · 7 қаралым
«Тек қағаз жүзінде»: Тоқаев жалған қоғамдық ұйымдар туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір республикалық қоғамдық бірлестіктердің тек қағаз жүзінде ғана тіркеліп, іс жүзінде нақты жұмыс атқармай отырғанын айтты, деп хабарлайды

порталы.

Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай ұйымдардың кейбірінің «айқайлап» тұратын атауынан басқа ештеңесі жоқ. Олар азаматтардың мүддесін қорғау үшін емес, өзге мақсаттармен, соның ішінде мансапқорлық ниетпен құрылуы мүмкін.

Тоқаев мұндай жағдайлардың кейде алаяқтыққа дейін жететінін атап өтті.

Мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады
деді Президент.

Ол сондай-ақ тек мемлекеттік тапсырысты игеру үшін құрылған «қызмет көрсету» ұйымдарының жұмысына тосқауыл қою қажеттігін айтты.

Президенттің пікірінше, Халық Кеңесі қоғамды ұйыстыратын алаңға айналуы тиіс. Елдегі көптеген консультативтік-кеңесші органның жұмысы бір-бірін қайталайтынын атап өткен Тоқаев, олардың қызметін үйлестіру, сараптамалық әлеуетін біріктіру және ұсыныстарды жүйелеу міндетін Халық Кеңесіне жүктеуді ұсынды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp