Мазмұнға өту
qandastar.

"Тек Шымкент туралы ойлаймын" - Сыздықбеков үкіметке қатысты қауесет туралы

bahitzhanabzal · · 119 қаралым
"Тек Шымкент туралы ойлаймын" - Сыздықбеков үкіметке қатысты қауесет туралы

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Үкіметтегі кадрлық өзгерістерге байланысты өз есімі премьер-министр лауазымына кандидат ретінде аталған талқылауларды орынсыз деп атады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ОКҚ брифингінде модератор Маржан Бақтиярқызы редакция қойған сұрақты бөліп тастады.

Әріптес, бұл Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысы жоқ
деді ол.

Одан кейін Ғабит Сыздықбеков сұраққа қысқаша жауап берді.

Мен жай ғана өз жұмысымды істеп жүрмін. Ештеңе ойламаймын. Тек Шымкент пен ел туралы ойлаймын
деді ол.
Бөлісу: Telegram WhatsApp