Мазмұнға өту
qandastar.

Тексерістен "құтқарамын" деген алаяқ кәсіпкерден 25 млн теңге алған

Малика Хамит · · 751 қаралым
Тексерістен "құтқарамын" деген алаяқ кәсіпкерден 25 млн теңге алған

Шымкентте өзін "экономикалық тергеуші" ретінде таныстырған алаяқтың жолы кесілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол кәсіпкерден қомақты ақша алып, “мәселені шешіп беремін” деп уәде берген.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2025 жылдың қыркүйегінде жергілікті компания басшысымен байланысқа шығып, өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өкілі ретінде таныстырған. Осылайша сенімге кірген ол “медициналық мекемені тексерілетіндер тізімінен алып тастаймын” деп, 25 миллион теңгені қалтасына басқан.

Алайда бұл “қызметтің” бәрі жалған болып шықты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құзырлы орган азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және ақпаратты тек ресми көздерден тексеруге шақырады.

[video width="1920" height="1080" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/oper-video.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp