Мазмұнға өту
qandastar.

«Текті қазақылығына ғашық болған»: Ерке Есмаханның домбырамен ән айтқан видеосы жұртты сүйсіндірді

Бақытжан Мұса · · 9 қаралым
«Текті қазақылығына ғашық болған»: Ерке Есмаханның домбырамен ән айтқан видеосы жұртты сүйсіндірді

Әлеуметтік желіде әнші Ерке Есмаханның үйде домбыра шертіп, сәбиіне ән айтып отырған видеосы көпшіліктің көңілінен шықты, дейді Qandastar.kz сайты.

Бейнежазбада өнер иесінің жанында ұйықтап жатқан сәбиіне домбырамен әуезді ән шырқап отырғаны көрінеді. Кадрда «Райм Еркенің текті қазақылығына ғашық болған ғой» деген жазу да бар.

Желі қолданушылары жылы әрі отбасылық көрініске оң пікір білдіріп, әншіге ақ тілектерін жолдаған.

«Шынайы әрі өте жылы кадрлар», «Қазақылықтың иісі аңқып тұр, аналық мейірімі ерекше», «Шаңырақтарыңыздан бақыт пен береке арылмасын» деген пікірлер жазылған.

Ерке Есмахан мен Raim (Райымбек Бактыгереев) әлеуметтік желіде отбасы өмірінен түрлі сәттермен бөлісіп тұрады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp