Мазмұнға өту
qandastar.

Телефонмен сөйлескен автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді: сот үкімі шықты

Малика Хамит 14 қаралым
Телефонмен сөйлескен автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді: сот үкімі шықты

Астанада автобус жүргізіп келе жатып, телефонмен сөйлескен жүргізуші адам өліміне әкеп соққан жол апаты үшін сотталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Тергеу мәліметінше, жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің кінәсін толық дәлелдеді.

Сот шешімімен оған 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол 5 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Елорда прокуратурасы жүргізушілерге көлік тізгінінде телефон пайдалануға болмайтынын еске салып, барша жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp