Мазмұнға өту
qandastar.

"Телефонын тартып алған шығар": 7 жасар бала қараусыз тұрған экскаваторға мініп, шұңқыр қазған

bahitzhanabzal · · 245 қаралым
"Телефонын тартып алған шығар": 7 жасар бала қараусыз тұрған экскаваторға мініп, шұңқыр қазған

 Іші пысқан 7 жастағы бала қараусыз қалған экскаваторға мініп, тротуардың дәл ортасына үлкен шұңқыр қазып үлгерген. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы  EGOV.PRESS Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Kaznet-те тараған видеодан баланың сәл абдырап тұрғаны байқалады.

Қазіргі таңда ауыр техниканың не себепті  иесіз қалғаны анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастап кеткенін хабарлады.

Ал, желі қолданушылары түрлі пікірді жаудырып жатыр.

Оның арасында "Баланың әкесі шошып, не болып кеткенін түсінбей тұрған болар", "Ата-анасы баладан телефонды тартып алған шығар", "Жалақысын күтіп тұрған сияқты" деген пікірлер бар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp