Мазмұнға өту
qandastar.

Телемұнарадағы қауіпті ойын: екі баланы құтқарушылар дер кезінде байқап қалды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 12 қаралым
Телемұнарадағы қауіпті ойын: екі баланы құтқарушылар дер кезінде байқап қалды (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында телемұнараға шығып кеткен екі бала қауіпті жағдайда қалып, өздігінен төмен түсе алмай қалған, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында болған.

Профилактикалық рейд кезінде ТЖМ қызметкері Архат Нигмашев мұнараның басында тұрған балаларды байқап, бірден әрекет етеді.

Көп ұзамай оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов та жеткен.

ТЖМ қызметкері биік мұнараға көтеріліп, балаларды қауіпсіз түрде төмен түсірсе, полиция қызметкері құтқару жұмыстарына қолдау көрсеткен.

Екі маманның үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)
Дәйексөз

Осы оқиғадан кейін құтқарушылар ата-аналарды балалардың қайда жүргенін бақылап, оларды қараусыз қалған құрылыстар мен қауіпті нысандарға жібермеуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp