Мазмұнға өту
qandastar.

Темір үйіндісіне айналған кабинадан жүргізуші тірі шығарылды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 119 қаралым
Темір үйіндісіне айналған кабинадан жүргізуші тірі шығарылды (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен–Алтай–Рахман қайнары бағытындағы тасжолда цемент таситын жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды

порталы.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері куәгерлермен бірлесіп, 1987 жылы туған азаматты көліктен шығарып алды. Құтқару жұмыстары қысқа уақыт ішінде жүргізілген.

Құтқарушылар зардап шеккен жүргізушіні кабинадан қауіпсіз түрде шығарып, алғашқы көмек көрсету үшін медицина мамандарына тапсырды
деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқиға орнына келген ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін ол медициналық мекемеге жеткізілген.

Мұндай жағдайларда жедел әрекет ету адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады
делінген ақпаратта.

[video width="480" height="864" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/1779854037910.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp