Мазмұнға өту
qandastar.

Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

Малика Хамит 43 қаралым
Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

Теміртаудағы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Олардың өліміне қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы ұлы ұсталды.

Қарағанды облысының полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылған.

Осы дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция марқұмдардың 20 жастағы ұлын күдікті ретінде анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp