Мазмұнға өту
qandastar.

Теміртауда Ғазиз Байтасов атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Теміртау қаласындағы №12 орта мектепте Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың құрметіне «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Биыл батырдың Тараз қаласында лаңкестік әрекеттің жолын кесу кезінде ерлікпен қаза тапқанына 15 жыл толды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жаңа сыныпқа 8-сыныптың 30-ға жуық оқушысы қабылданды. Салтанатты рәсім барысында оқушылар Заң мен тәртіпті құрметтеуге, Отанға адал қызмет етуге, жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға ант берді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және батырдың ерлігін кейінгі буынға үлгі ету.

Ғазиз Байтасовтың есімі ел жадында ерлік пен Отанға адал қызмет етудің символы ретінде сақталып келеді. Оның өмір жолы жас ұрпақты батылдыққа, отансүйгіштікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp