Теміртауда таныстар арасындағы жанжал қайғылы жағдайға ұласты.
Қонаққа келген ер адам пәтер иесіне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға қаладағы Металлургтер даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адам танысының үйіне барған. Сол жерде екі азаматтың арасында жанжал туындап, дау соңы төбелеске ұласқан.
Кикілжің кезінде күдікті 33 жастағы үй иесіне пышақ жарақатын салған. Жарақаты ауыр болған ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікке ілінген 37 жастағы азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде ұсталған адам 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салды, ол алған дене жарақатынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.