Мазмұнға өту
qandastar.

Теміртауда үш бала тоққа түсті

Малика Хамит · · 282 қаралым
Теміртауда үш бала тоққа түсті

Теміртауда құрылыс алаңы маңында үш кәмелетке толмаған бала электр тогынан зардап шекті, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға 22 сәуір күні болған.

Тұрғындардың айтуынша, аулада салынып жатқан көпқабатты үйлердің жанында жоғары вольтты кабель салбырап тұрған. Ол трансформатор қорабынан құрылыс алаңына дейін тартылып, қоршау бойымен өткен. Жергілікті халық бұл кабельдің балалар үшін қауіпті екенін бірнеше рет ескерткенін айтады.

Кабель бала қолы жететіндей төмен ілініп тұрды. Біз оны алып тастауды бірнеше рет сұрадық
дейді тұрғындар.

Куәгерлердің сөзінше, кешке балалардың бірі қоршаудан асып түсіп, құрылыс аумағына кірген добын алмақ болған. Сол сәтте ол тоққа түскен. Артынша оған көмектеспек болған тағы екі бала да жарақат алған.

Үшеуі де шұғыл түрде балалар ауруханасына жеткізілді.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа, тұрақты болған. Балалар алдымен жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін жағдайы жақсарған соң мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.

Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның хабарлауынша, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің абайсыздыққа қатысты бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазір оқиғаның нақты себептері мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы жан-жақты тексерілуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp