Теміртауда көшеде жалаңаш жүрген әйелдің кім екені анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 8 мамыр күні Республика даңғылында болған. Тұрғындар қоғамдық орында жалаңаш жүрген әйелді байқап, полицияға хабар берген.
Патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша әйелдің есірткі заттарының әсерінде болғаны белгілі болды.
Полиция мәліметінше, әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Енді бұл жағдай сотта қаралады.