Мазмұнға өту
qandastar.

Тесттегі ақымақ сұрақ мұғалімдерді «құлатуда»

bahitzhanabzal · · 666 қаралым
Тесттегі ақымақ сұрақ мұғалімдерді «құлатуда»

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды

Өзінің әлеуметтік желі парақшасында журналист Гүлмира ӘБІҚАЙ мұғалімдердің аттестациясы туралы қызықты мәліметпен бөлісті деп жазады 

Democrat.kz.

“Қордай ауданынан бір директорға білімін жетілдіру аттестацияда мынадай сұрақ келіпті

Жемқорлық әрекетке кіммен барасың? А) Өзім Б) Жақын туысыммен С) Досыммен Д) Делдалмен
Дәйексөз

Осындай да сұрақ бола ма деп ойлана келе, директор кезекшіге “ Мынау дұрыс емес, ешкіммен бармаймын деге нұсқаны ұмытып кетіпті” деп ескертеді. Кезекші “белгілемеңіз, апелляцияға бересіз” деген.

Тест аяқталып, әлгі директор аппеляцияға беріп жатса, “Бұл болмайды, отмечать етуіңіз керек еді, саналмайды” деп 1 балл кем санап, қысқасы тестен өтпей қалған.

Сонда облыстық тестілеу орталығы мамандарының салғырттық кесірінен неге ұстаз жапа шегу керек???
Дәйексөз

Жамбыл облыстық аттестация комиссия төрағасына сұрақ:

СІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КІММЕН БАРАСЫЗ

Өзіміз мемлекеттік қызметкер болмаған соң білмейді екенбіз, аттестация деген кей қызметкерлерді өлімге дейін әкелетін атжалман екен ғой…” — деп жазды журналист.

Мұнан бөлек Гүлмира ӘБІҚАЙ парақшасы арқылы Жамбыл облыстық білім басқармасы мен Тест орталығына аталмыш мәселе бойынша ресми сауал жолдады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp