Мазмұнға өту
qandastar.

TikTok эфирінде балағат сөз айтқан блогер 5 тәулікке қамалды

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Қарағанды қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылықты Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары анықтаған. 33 жастағы Аслан Чергизов тікелей эфир барысында дөрекі әрі былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Сот отырысында блогер өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген. Сот оның өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp