Мазмұнға өту
qandastar.

TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны жазаланды

Бақытжан Мұса · · 12 қаралым
TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны жазаланды

Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Polisia.kz хабарлады.

Жетісу облысының полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданылғанын анықтаған. Тексеру кезінде әйелдің бұған дейін осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Полиция жинақтаған материалдар сотқа жолданды. Сот отырысының қорытындысы бойынша әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Бұл ретте сот оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерген.

Полиция әлеуметтік желілер де заң талаптары қолданылатын кеңістік екенін еске салды. Қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp