Мазмұнға өту
qandastar.

TikTok-та карта ойынын ойнатып, 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды

Малика Хамит · · 28 қаралым
TikTok-та карта ойынын ойнатып, 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды

Жетісуда TikTok арқылы заңсыз карта ойындарын өткізгендер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Өңірде әлеуметтік желі арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған төрт адамның әрекеті тоқтатылды.

Тергеу барысында облыстың төрт тұрғынының TikTok-та тікелей эфир өткізіп, көрермендерге заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталған. Олардың бірі қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмаған болған.

Прокуратура мәліметінше, заңсыз ойындардан түскен табыс 95 млн теңгеге жеткен.

Сот төрт адамды Қылмыстық кодекстің 307-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, әрқайсысын 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp