1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына сәйкес Азаматтары «A1», «А2», «В1», «В2», «D1», және «G1» санаттағы бір мәртелік визаларды, сондай-ақ «F1» санатындағы бір мәртелік және екі мәртелік санаттағы визаларды ресімдеген кезде визалық қолдауды немесе шақыруды ұсыну қажеттілігінен босатылған мемлекеттердің
тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары;
2. «Туристiк» санаттағы визалардың иелерi;
3. Қазақстан Республикасына жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен - шетел азаматтарымен бiрге келген шетелдiктер;
4. Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттардың иелерi (ұлттық паспорттағы баған немесе Қазақстан Республикасында туғаны туралы куәлiк, Қазақстан Республикасында жақын туысының жерленгенi туралы құжаттың көшiрмесi, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманың көшiрмесi);5. Қазақ диаспорасының өкiлдерi-шетелдiктер.