Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің басшылары жиын қорытындысы бойынша Ұйымның қызметі мен мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды. Сонымен қатар алдағы екі жылға арналған тақырыптық бағыттар айқындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мемлекеттер басшыларының шешімімен 2028 жыл ТМД аясында Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы болып жарияланды.
Аталған бастамалар әлеуметтік саланы дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және Достастық елдері арасындағы көлік байланысын нығайтуға бағытталған.