Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев: 2026 жыл – Халықаралық волонтерлер жылы

Бақытжан Мұса · · 22 қаралым
Тоқаев: 2026 жыл – Халықаралық волонтерлер жылы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлермен кездесіп, еріктілік қызметтің қоғам үшін маңызын атап өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы ретінде аталып өтіп, еліміз еріктілер қозғалысын қолдауға ерекше мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымында Халықаралық волонтерлер жылын жариялау туралы бастама көтерген. Нәтижесінде 2026 жыл Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан волонтерлік қызметті Конституция деңгейінде бекіткен санаулы мемлекеттердің бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол «Таза Қазақстан» жобасына тоқталып, Қазақстанның БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында 22 сәуірді «Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні» деп жариялау туралы бастама көтергенін атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің болашағы білімді, белсенді және талапты жастардың қолында екенін айтып, еріктілерге амандық пен сәттілік тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp