Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды
порталы.
Ресми шара барысында екі ел басшылары делегация мүшелерін таныстырып, кейін Қазақстан мен Моңғолияның әнұрандары орындалды.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде сауда-экономикалық байланыс, стратегиялық серіктестік және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықтың тарихи байланысына ерекше тоқталды.
Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер
Сондай-ақ Тоқаев Моңғолияның соңғы жылдардағы экономикалық жетістіктерін жоғары бағалап, елдегі ауқымды реформаларға сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Моңғолия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніне қуанышты екенін айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
Сіздің екі жыл бұрынғы сапарыңыз моңғол-қазақ қатынасын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді
Кездесу қорытындысында бүгін тағы бірнеше маңызды құжатқа қол қойылатыны белгілі болды.