Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Малика Хамит · · 61 қаралым
Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде ұсынысын білдірді, деп хабарлайды

порталы.

Президент әйгілі ойшыл әл-Фарабидің тарихтағы орны жайлы айтты.

Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі
деді президент.

«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp